Харри Кейн «Баварияға» ауысуы мүмкін
Мюнхендік «Бавария» Харри Кейнді сатып алу үшін «Тоттенхэмге» 70 миллион еуро ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кейн 2011 жылдан бері «Тоттенхэм» сапында доп теуіп жүр, бірақ ол клуб сапында бірде-бір жүлде жеңіп алған жоқ. Оның командамен келісімшарты келесі жазға дейін жарамды.
«Тоттенхэм» сапында Кейн 280 гол соқты, оның ішінде Ағылшын Премьер-Лигасында 200 гол соққан. Бұл турнир тарихындағы үшінші үздік көрсеткіш, екінші орында «МЮ» мен «Эвертонның» бұрынғы футболшысы Уэйн Руни (208 гол) тұрса, көш басында Алан Ширер (260 гол) жайғасқан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или