Лука Модрич «Реалда» қалатын болды
«Реал Мадрид» хорватиялық жартылай қорғаушы Лука Модричпен келісімшарт мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жартылай қорғаушы корольдік клубпен 2024 жылғы 30 маусымға дейін жарамды жаңа келісімшартқа қол қойды. Модрич биыл қыркүйекте 38 жасқа толады.
«Алтын доп» иегері өткен маусымда «Реал» сапында Ла Лигада 33 ойынға қатысып, төрт гол соқты және үш нәтижелі пас берді.
Модрич «Реалға» 2012 жылы «Тоттенхэм» сапынан ауысып келген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или