Окампос лондондық клубқа ауысуы мүмкін
«Севильяның» шабуылдаушы жартылай қорғаушысы Лукас Окампос карьерасын АПЛ-да жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Sky Sports мәліметінше, 28 жастағы аргентиналық ойыншыныға лондондық «Фулхэм» қызығушылық танытып отыр. Тараптар келіссөз жүргізіп жатыр.
Ықтимал трансфердің сомасы шамамен 15 миллион еуроны құрауы мүмкін. Окампостың клубпен келісімшарты келесі жылдың ортасына дейін есептелген.
Окампос өткен маусымда «Севилья» сапында 19 матч өткізіп, төрт гол соғып, жеті сары қағаз алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или