Зидан жақын арада бапкерлікке оралатынын айтты

Зидан жақын арада бапкерлікке оралатынын айтты

Мадридтік «Реалдың» бұрынғы бапкері Зинедин Зидан жақын арада бапкерлік жұмысын жалғастыруды жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Жақында тағы да жаттықтырумен айналысамын деп үміттенемін. Маған адреналин жетіспей жүр. Сырттан футболға басқаша қарайсың. Бұл сенің клубың болған кезде, сен оны жаттықтырып, матчтарға дайындауың керек. Бұл маған керек нәрсе. Мен мұны екі жылдан бері жасамадым, бірақ жақында қайта бастаймын», - деді Зидан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или