«Челси» қорғаушысы Сауд Арабиясы чемпионатына ауысты

«Челси» қорғаушысы Сауд Арабиясы чемпионатына ауысты

«Челси» қорғаушысы Калиду Кулибали Сауд Арабиясының «Аль-Хиляль» клубына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы лондондық клуб ресми мәлімдеді. 

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, «Челси» 32 жастағы сенегалдық ойыншыны 20 миллион еуроға сатты. Кулибали «Аль-Хиляль» сапында жылына 30 миллион еуро алады.

Айт кетейік, өткен маусымда қорғаушы 32 матчқа қатысып, екі гол соқты және бір нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или