Нұралы Әліптің әріптесі отбасын құрды
«Зенит» шабуылшысы Матео Кассьерра отбасын құрды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport24 сайтына сілтеме жасап.
Футболшының жарының есімі Маргарита.
Бұл туралы колумбиялық спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Матео Кассьерра «Зенитте» 2022 жылдың шілдесінен бері ойнап келеді. Өткен маусымда шабуылшы 34 матчқа қатысып, 6 гол соғып, 8 нәтижелі пас берді.
26 жастағы футболшының келісімшарты 2025 жылдың жазына дейін есептелген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или