«Қайсар» ауыр атлеттерді құрметпен шығарып салды

«Қайсар» ауыр атлеттерді құрметпен шығарып салды

«Қайсар» командасының капитаны Мартин Кляйн ауыр атлеттер – Илья Ильин, Алмас Өтешов және Рүстем Сыбайға «Қайсар» футбол клубының 12-нөмірлі футболкаларын табыстады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бұл күндері Қызылордада оқу-жаттығу жиынын өткізіп жүрген толағайлар жаттығу кестесінен үзіліс тауып, туған командалары «Қайсарға» қолдау көрсету үшін стадионға келді. Облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевпен бірге ойынды тамашалап, матч аяқталған соң футболшылардың қолын алу үшін киім ауыстыру бөлмесіне кірді.

- Бүгінгі ойын маған ұнады. Ең бастысы, үнемі қорғаныста емес, шабуылда ойнадыңыздар. Гол соғуға деген құлшыныстарыңыз көрініп тұрды. Федор Анатольевич, жанкүйерлер сізге «Дядя Федор» деп ат қойып алыпты. Көрген шығарсыз. Енді алдағы ойындарда командаға тек сәттіліктер тілейміз! Жақсы ойындарыңызбен жанкүйерлерді қуантасыздар деген ойдамын, - деді алдымен сөз кезегін өзіне алған облыс басшысы Қырымбек Елеуұлы.

Одан кейін футболшыларды жанкешті ойынымен екі дүркін Олимпиада жеңімпазы, төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин құттықтады.

- Гол соғылмағанына қарамастан ойын маған өте керемет әсер сыйлады. Жігіттер, сіздерге зор алғыс. Ешқайсыңыз аянып қалған жоқсыздар. Тамаша ойын болды. Мен Алданды танып тұрмын. Екеуміз мектепте бірге оқыдық қой. «Қайсардың» жеңістері әлі алда деп сенемін. Бұл менің – туған командам, - деді Илья Ильин.

Ал соңында команда капитаны Мартин Кляйн толағай батырларымызға «Қайсар» футбол клубының 12-нөмірлі футболкаларын сыйға тартты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или