Зайнутдинов Түркия чемпионатына ауысуы мүмкін
Қазақстан құрамасы мен мәскеулік ЦСКА жартылай қорғаушысы Бактиёр Зайнутдинов «Бешикташтың» ықтимал трансферлер тізіміне енді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Fotospor хабарлағандай, Зайнутдиновтың есімі скауттер тобы мен Чейхун Казанджи анықтап, Шенол Гюнеш бекіткен ықтимал трансферлер тізіміне енді.
25 жастағы ойыншы «Бешикташқа» ауысса, легионер саналмайды, себебі ол Қазақстан азаматы.
Айта кетейік, Бактиёр Зайнутдинов осы маусымда Ресей Премьер-лигасында 21 матчқа қатысып, бір гол соқты және екі нәтижелі пас берді. Сондай-ақ Ресей кубогын жеңіп алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или