Испаниялық клуб еурокубоктардан шеттетілді
УЕФА «Осасунаны» келісілген матчтар ойнады деп айыптап, еурокубоктан шеттетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Енді Конференциялар лигасында олардың орнын «Атлетик Бильбао» басады.
Ал «Осасуның» кінәсі толық дәлелденсе, клуб Ла Лигадан да шеттетілуі ықтимал.
Себебі 2013/14 жылғы маусымда «Осасуна» Примерада қалуы үшін «Бетиспен» келісілген матч өткізген. Ақпаратқа сенсек, «Бетис» «Осасунадан» әдейі жеңіліп, олардың басты қарсыласы «Вальядолидті» жеңуге барын салған.
Нәтижесінде, Памплонаның клубы Примерада қалуға мүмкіндік алған. Клуб басшылығы «Бетиске» сол үшін 600 мың еуро сыйақы төлеген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или