«Байқоңырдың» сенсациясы

«Байқоңырдың» сенсациясы

Қызылорданың «Байқоңыр» командасы Бірінші лиганың сенсациясын жасады. Турнир көшбасшысы «Қызылжарды» қабылдаған Ерлан Шойтымов шәкірттері он ойыншымен ойнап, 3:2 есебімен жеңісті жұлып алды.

Алаң иелері 15-минутта-ақ алға шықты. «Байқоңырлықтардың» әдемі шабуылынан кейін допты Ильдар Аитов өз қақпасына соғып алды. Дегенмен, үзіліске командалар тең есеппен тарқасты. Төреші қосқан бір минуттың ішінде Артем Хачатуров таразы басын теңестіріп кеткен болатын. Алайда, екінші таймда жерлестеріміз алаңға жігерленіп шығып, 50-минутта Алмат Тілеуқабылов керемет соққысымен «Байқоңырды» тағы алға шығарды. Қуанышымыз көпке созылмады. Бұл жолы да қонақтар есепті теңестіріп кетті. «Жығылғанға жұдырық» дегендей дәл сол сәтте екінші ескертуін алған Самат Балымбетов те алаңнан қуылған болатын. Кем құрамда қалдық. Бірақ жігіттерге үлкен алғыс, жасыған жоқ, керісінше шабуылдарын одан әрмен күшейте түсіп, 78-минутта Бағдат Исмаилов қызылордалықтарға жеңіс сыйлады. Қорытынды есеп – 3:2.

Енді «Байқоңыр» келесі кездесуін 22 тамыз күні Семейде жергілікті «Спартакқа» қарсы өткізеді. Тағы бір сенсацияның куәсі бола аламыз ба?

«Байқоңыр» — «Қызыл-Жар СК» 3:2 (1:1)
Голдар: Аитов 15-автогол (1:0), Хачатуров 45+1 (1:1), Тілеуқабылов 50 (2:1), Чагелишвили 65 (2:2), Исмаилов 78 (3:2)
Қызыл қағаз: Балымбетов 65 («Байконур», екінші ескерту)
Бас төреші: Кумашев (Астана)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или