«Бордо»-«Қайрат» матчының билеттер құны белгілі

Еуропа Лигасының плей-офф кезеңі аясында өтетін «Бордо» мен алматылық «Қайрат» арасындағы кездесудің билет құны белгілі болды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Бордо» ФК ресми сайтында хабарланғандай, алматылықтармен ойында команданың жақсы қолдауға ие болуын қамтамасыз ету мақсатында Еуропа Лигасының плей-офф раундында билеттер бағасын көтермеу туралы шешім қабылданды. Маусымдық абоненттер иелері ойынды тегін тамашалай алады. 16 жасқа дейінгі жанкүйерлер үшін матч билетінің құны 5 еуро (1 051 теңге 16 тиын) болмақ.

Ал қалғандар үшін оның бағасы - 8 еуродан 24 еуроға дейін (1 681 теңге 86 тиыннан 5 045 теңге 58 тиынға дейін). Ойын өтетін күні кассада барлық билеттердің бағасы 2 еуроға (420 теңге 46 тиынға) жоғары болады.

Еске сала кетейік, «Бордо» - «Қайрат» командаларының кездесуі «Қазақстан» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Ол 21 тамызға қараған түні Алматы уақыты бойынша сағат 00:30-да Бордо қаласының «Нуво Стад де Бордо» стадионында басталады.

Ал қарымта матч 27 тамыз күні Алматы қаласының Орталық стадионында өтеді.

ҚазАқпарат

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или