«Тобыл» Марочкин командадан кетпейтінін хабарлады

«Тобыл» Марочкин командадан кетпейтінін хабарлады

Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан құрамасының қорғаушысы Александр Марочкинге қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Әлеуметтік желілерде «Тобыл» қорғаушысы Александр Марочкиннің басқа командаға ауысайын деп жатқаны туралы ақпарат жарияланды.

Клуб басшылығы бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын және Александр Марочкиннің команда құрамында қалатынын хабарлайды, оның клубпен келісімшарты аяқталған жоқ.

«Тобыл» Фк баспасөз қызметі тек ресми дереккөзге ғана сенуге шақырады. Ресми хабарлар клубтың сайтында, әлеуметтік желілердегі парақшаларында таралады», - деп жазды қостанайлықтардың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін БАҚ-та Александр Марочкин «Астанаға» ауысатыны жайлы хабар тараған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или