Гюндоган мансабын «Барселонада» жалғастырады
«Манчестер Ситидің» орталық жартылай қорғаушысы Илкай Гюндоган мансабын «Барселонада» жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Mundo Deportivo хабарлағандай, 32 жастағы Илкай Гюндоган сәрсенбі күні Мюнхенде медициналық тексеруден өтті, содан кейін ол агентімен бірге каталониялық клубтың спорт директоры Матеу Алеманимен кездесіп, екі жылдық келісімшартқа қол қойды.
Егер германиялық ойыншы екінші маусымда «Камп Ноудағы» ойындардың 60 пайызын өткізсе, келісімшарт тағы бір жылға ұзартылады.
Айта кетейік, Гюндоган 2016 жылдан бері «Манчестер Сити» сапында доп теуіп жүр, Англияның бес дүркін чемпионы атанып, Чемпиондар лигасын жеңіп алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или