Бақтиер Зайнутдинов Сан-Мариноға қарсы ойын алдында жарақат алып қалды
<span>Бүгін түнде футболдан Қазақстан құрамасы Euro-2024 турниріне іріктеу аясында Сан-Мариномен кездеседі. Ойын қарсаңында құрама үздігі Бахтиер Зайнутдинов жарақат алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.</span>
<span>Қазақстан командасының жартылай қорғаушысы Зайнутдиновтің денсаулығында ақау барын бас бапкер Магомед Адиев мәлімдеді. </span>
<span>«Мен денсаулығында кінәрат бар екі футболшыны атаған едім. Соның бірі - Зайнутдинов. Баха өз құрамасының патриоты. Біз қазіргі жағдайды жақсы бағамдауымыз қажет. Құраманың екі матчына да көмегі тиетіндей шешім болуы тиіс», - деді Адиев. </span>
<span>Айта кетелік, Қазақстан ұлттық құрамасы Euro-2024 іріктеу турнирі аясында екі матч өткізді. Бірінші ойында 1:2 есебімен Словенияға жол берсе, екінші матчта 3:2 есебімен Даниядан басым түсті. </span>