Бақтиер Зайнутдинов: Қарсыласты бағаламау деген болмайды

Бақтиер Зайнутдинов: Қарсыласты бағаламау деген болмайды

Қазақстан құрамасы мен мәскеулік ЦСКА командасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов Сан-Марино құрамасына қарсы ойын туралы пікірін бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

– Бақтиер , Ресей кубогындағы жеңісіңіз құтты болсын. ЦСКА сапындағы маңызды ойыннан кейін жағдайыңыз қалай?

– Ұлттық құрамаға ел намысын қорғау үшін әрқашан жақсы көңіл-күймен келемін. Кубоктағы жеңіс мені шабыттандырды. Қазір мен физикалық және рухани жағынан бабымдамын.

– Кубоктың финалында жеңіске жеткеннен кейін көзіңізге жас алғаныңыз байқалды. Эмоцияңызды ұстай алмадыңыз ба?

– Бұл жай ғана эмоциялар. Шынымды айтсам, бұл менің Ресейдегі бес жылдағы бірінші жүлдем, сондықтан эмоциялық түрде өзімді ұстай алмадым.

- Ертең Сан-Мариноға қарсы қалай ойнайтындарыңызды айтыңызшы. Сіз шабуыл шебінде әрекет ететін сияқтысыз.

- Магомед Мусаевич айтқандай, Сан-Мариноға қарсы қиын ойын болады. Ертең қарсыластың қорғанысын бұзып-жаруға тура келеді, бұл оңай болмайды. Қарсыласты бағаламау деген болмайды, біз жүз пайызға дайынбыз. Менің позицияма келер болсақ, мен әлі білмеймін.

– Осыдан төрт жыл бұрын біз Сан-Мариномен Астанада кездесіп, онда ірі жеңіске жеткен болатынбыз. Бұл ойындар есіңізде ме?

– Ол кезде мен қатысқан жоқпын, бірақ біз оларды сырт алаңда 3:1 есебімен жеңгеніміз есімде, ол кезде оңай ойын болған жоқ. Үш-бес жыл өтті және осы уақыт ішінде олар көп жағынан жақсарды. Қазір олардың ойындарына қарасақ, бұрынғы команда емес.

– Бұл сұрақты осы жерде қою дұрыс болар еді деп ойлаймын. Соңғы екі маусымда сізді А сериясына ауысады деген ақпарат көп тарады. Келесі маусымда сондай ойнау ықтималдығы қандай?

–  Топ-5 чемпионатқа ауысу – менің бала күнгі арманым. Маған да, ЦСКА-ға да ұнайтын ұсыныс болуы керек, содан кейін түсінікті болады. Бірақ бұл менің арманым екенін айта аламын, мен осы бағытта келе жатырмын.

Фото: ҚФФ

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или