Зайнутдиновтің бұрынғы командаласы Өзбекстан құрамасының үздік бомбардирі атанды
«Ростовтың» бұрынғы ойыншысы Эльдор Шомуродов Өзбекстан құрамасы тарихындағы үздік сұрмерген атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Орталық Азия футбол ассоциациясы кубогы аясында өткен Түркіменстанға қарсы матчта дубль жасаған (2:0) 27 жастағы шабуылшы ұлттық құрамадағы 36-голын соқты. Осылайша ұзақ уақыт бойы Өзбекстан құрамасының үздік мергені атағын иеленген Максим Шацкихтен (34) озды.
Эльдор ұлттық құрама сапында 64 кездесуге қатысқан.
Шомуродов өткен маусымда «Специя» сапында жалда ойнап, 22 матчта бір гол соқты. Ойыншының құқығы «Ромаға» тиесілі, оның келісімшарты 2026 жылға дейін жарамды.
Айта кетейік, Шомуродов <span>«Ростовта»</span> қазақстандық жартылай қорғаушы Бактиер Зайнутдиновпен бірге ойнаған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или