Йоан Андоне: «Астана» қазір нағыз бабында»
<p style="text-align: justify;">
<strong>«Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері Йоан Андоне «Астанамен» өткен ойын (0:1) жайлы өз пікірін айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
«Жанкүйерлеріміздің алдында жеңілгеніміз өте өкінішті. Бұл ойынға тыңғылықты дайындалған болатынбыз. Жалпы, жақсы ойнадық. Бірақ өкініштісі гол соға алмадық. «Астана» өте мықты қарсылас. Олар қазір Чемпиондар лигасының ойындарынан кейін нағыз бабында. Елордалық командаға АПОЭЛ-ге қарсы ойында сәттілік тілеймін. «Астананың» келесі кезеңге өтетін жақсы мүмкіндігі бар. Топтық кезеңге өтіп жатса, Қазақстанға «Барселона», «Реал», «Бавария» немесе «Манчестер Юнайтед» сияқты командалар келуі мүмкін», - деді Андоне. </p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или