Жұқаев Пуэрто-Рикодағы турнирдің ширек финалына шықты

Жұқаев Пуэрто-Рикодағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық Бейбіт Жұқаев Пальмес дель Мар (Пуэрто-Рико) қаласында өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші айналымда отандасымыз америкалық Эван Чжуды үш сетте – 4:6, 7:5, 6:2 есебімен жеңді.

Айта кетейік, кездесу 2 сағат 50 минутқа созылды.

Турнирдің жартылай финалына шығу үшін Жуқаев канадалық Лиам Дракслмен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или