Төрелік ету және қадағалау департаментінде кадрлық өзгеріс орын алды

Төрелік ету және қадағалау департаменті директорының орынбасары қызметіне Едіген Юмашев тағайындалды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Едіген Шорайұлы ұзақ жылдар бойы Қазақстан Премьер-лигасының матчтарында бас төреші қызметін атқарды. Кейін ел чемпионатының матчтарында инспектор болды

Сонымен қатар, Едіген Юмашев әр жылдары Қазақстан Республикасы Футбол қауымдастығының вице-президенті, Төрелік ету департаментінің директоры, Балалар және жасөспірімдер департаментінің директоры, Кәсіпқой футбол лигасы төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Ал, соңғы жылдары Қазақстан футбол федерациясының спорт директорының орынбасары болды.

Еске сала кетейік, Төрелік ету және қадағалау департаментін италиялық маман Маттео Трефолони басқарады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или