Мессиді қатарға қосқан «Интер Майамидің» MLS-тегі барлық билеті сатылды

Мессиді қатарға қосқан «Интер Майамидің» MLS-тегі барлық билеті сатылды

Шабуылшы Лионель Месси клубқа ауысқаннан кейін «Интер Майамидің» MLS-тегі қалған матчтарының барлық билеті сатылып кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Команданың өз алаңындағы және сырт алаңдағы ойындарына арналған билеттер өтіп кетті.

Аргентиналық ойыншының «Барселонадағы» бұрынғы серіктесі Серхио Бускетс билет сатып алғысы келген, бірақ билет таба алмады. Футболшының трансфері туралы хабардан кейін билет бағасы күрт көтеріліп, кейбірінің құны 3500 долларға жеткен (матч пен стадиондағы орнына байланысты).

Месси жаңа командасындағы алғашқы ойынын 21 шілдеде Лига кубогы аясындағы мексикалық «Крус Асульге» қарсы өткізуі мүмкін. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или