«Манчестер Сити» — «Интер» матчының тікелей трансляциясы

«Манчестер Сити» — «Интер» матчының тікелей трансляциясы

Маусымның 10-нан 11-не қараған түні Ыстамбұлдағы Ататүрік атындағы олимпиадалық стадионда Чемпиондар лигасының финалы өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финалда  «Манчестер Сити» мен «Интермен» кездеседі.

Чемпиондар лигасының финалына шығу үшін «Ман Сити» топта «Боруссия Д», «Севилья» және «Копенгаген» командаларынан басым түсті. Плей-оффта «РБ Лейпциг», «Бавария» және «Реал Мадридті» жарыс жолынан шығарды. Ал «Интер» «Бавария», «Барселона» және «Викториямен» бір топта өнер көрсетіп, екінші орын алды. Плей-офф кезеңінде нераззурри «Порту», «Бенфика» және «Миланды» жеңді.

«Манчестер Сити» — «Интер» матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен 01:00-де басталады, ойынды Qazsport телеарнасынан көруге болады.

Айта кетейік, қос команда тарихта алғашқы ре кездескелі отыр, «Ман Сити» мен «Интер» бұған дейін әлі бір-бірімен ресми матчта ойнамаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или