Месси «Интер Майами» сапында дебютін өткізетін күн белгілі болды
Лионель Месси карьерасын «Интер Майамиде» жалғастырады. Аргентиналық ойыншының МЛС клубына ауысқаны сәрсенбі күні кешке жарияланған, деп хабарлайды Prosports.kz.
Месси «Интер Майамидің» жақындағы матчтарында өнер көрсетпейді. Себебі оның ПСЖ-мен келісімшарты 30 маусымға дейін есептелген, ал МЛС-те трансферлік кезең 5 шілдеде басталады.
Трансферлік кезең ашылғаннан кейін «Интер Майами» МЛС-те сырт алаңда екі матч өткізеді. Одан кейін өз алаңында Лига кубогы аясында мексикалық «Крус Асульді» қабылдайды. 22 шілдеге қараған түні өтетін ойында Месси дебютін өткізеді деп жазады БАҚ.
Еске салайық, Лионель Месси кейінгі екі маусымды ПСЖ сапында өткізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или