«Астана» Қазақстан кубогының жартылай финалына жолдама алды

«Астана» Қазақстан кубогының жартылай финалына жолдама алды

Бүгін футболдан Қазақстан кубогы 1/4 финалы аясында «Тұран» мен «Астана» қарымта матч өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шымкент қаласындағы «Намыс» стадионында өткен матч тең аяқталды. 29-минутта Дарбо қонақтарды алға шығарса, екінші таймда Сұлтаниязов таразы басын теңестірді.

Осылайша, елордалықтар екі матч қорытындысы бойынша 3:1 есебімен жеңіп, кубоктың жартылай финалына шықты. 

Қазақстан кубогы. Ширек финал. Бірінші матч 0:2

«Тұран» (Түркістан) — «Астана» 1:1 (0:1)

Голдар: Дарбо 29, Сұлтаниязов 75

Төреші: Московченко Григорий (Павлодар)

7 маусым. Шымкент. «Намыс» стадионы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или