«Тоттенхэмнің» бұрынғы футболшысы Украина құрамасын басқарды

«Тоттенхэмнің» бұрынғы футболшысы Украина құрамасын басқарды

Украина құрамасының бұрынғы футболшысы Сергей Ребров ұлттық құраманың бас бапкері болды, деп хабарлайды Prosports.kz<span> тілшісі Чемпионатқа </span>сілтеме жасап.

Бұл туралы Украина футбол қауымдастығының YouTube арнасында жарияланған баспасөз мәслихатында белгілі болды. Келісімшарттың егжей-тегжейлері әзірге белгісіз.

49 жастағы маманның соңғы жұмыс орны «Әл-Айн» клубы болды. Ребров сонымен қатар «Ференцварош» (Венгрия), «Әл-Ахли» (Сауд Арабиясы) және Киевтің «Динамо» клубтарында жұмыс істеген. 2010-2011 жылдары Ребров ұлттық құраманың бапкерлер штабында болды.

Ребров карьерасында «Тоттенхэм», «Вест Хэм», киевтік «Динамо», «Рубин» және басқа командаларда ойнаған. Украина құрамасында 75 матч өткізген.

Фото: imtw.ru

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или