Қазақстаннан жеңілген Дания құрамасының бас бапкері жайлы шешім қабылданды
51 жастағы маман Каспер Юлманн Дания құрамасының бас бапкері лауазымындағы орнын сақтап қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Каспер Ульманның жаңа келісімі 2026 жылғы әлем чемпионатының соңына дейін есептелген. Маман ұлттық құрамада 2020 жылдың тамыз айынан бері жұмыс істеп келеді. ЕУРО-2020-да команда жартылай финалға шығып, Англиядан жеңіліп қалды.
Еске салайық, Дания құрамасы Еуропа чемпионаты-2024 іріктеуінің екінші туры аясында сырт алаңда Қазақстан құрамасынан 2:3 есебімен ұтылып қалды. 17 және 20 маусымда даниялықтар өз алаңында Солтүстік Ирландиямен және сыртта Словениямен ойнайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или