Transfermarkt ҚПЛ ойыншыларының нарықтық құнын жаңартты
Prosports.kz-тің Қазақстандағы эксклюзивті серіктесі беделді Transfermarkt порталы Қазақстан Республикасы чемпионаты ойыншыларының нарықтық құны туралы жаңартуларды жариялады.
«Астананың» шабуылшысы Дембо Дарбо Олимпбет-Қазақстан чемпионатындағы ең қымбат ойыншы болып қалды, оның Transfermarkt.ru нұсқасы бойынша нарықтық құны 1,8 миллион еуроны құрайды.
Баға көрсеткіштері бойынша үздік үштікке Дарбоның беларусьтік әріптесі Макс Эбонг пен жазғы трансферлік терезеде қостанайлық клубтан кетуі әбден мүмкін Тобыл командасындағы Өзбекстан құрамасының шабуылшысы Игорь Сергеев кірді.
Бір қызығы, гамбиялық шабуылшы ең көп арзандағанына қарамастан, ҚПЛ-дағы ең қымбат ойыншылар рейтингінде көш бастап тұр. 2022 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда Дарбо 700 мың еуроға арзандады.
Баға бойынша ең үлкен прогреске «Ақтөбенің» шабуылдаушы жартылай қорғаушысы Максим Самородов қол жеткізді. 29 маусымда 21 жасын тойлайтын ойыншы 250 мың еуро құнын қосып, трансфермаркеттегі бағасы 700 мыңға жетті.
ҚПЛ-да қымбаттаған ойыншылардың тізімінде Самородовтан бөлек, «Астананың» екі өкілі (қақпашы Йосип Хондрич пен қорғаушы Алекса Аманович), сондай-ақ «Қызылжардың» вингері Пернамбуко бар. Олардың нарықтық құны 200 мың еуроға өсті.