Карло Анчелотти Карим Бенземаның клубтан кеткеніне таңғалғанын айтты

Карло Анчелотти Карим Бенземаның клубтан кеткеніне таңғалғанын айтты

«Реал Мадрид» бас бапкері Карло Анчелотти франциялық шабуылышы Карим Бенземаның клубтан кеткені ол үшін күтпеген жағдай болғанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Оның кеткені таңғалдырды, бұл барлығы үшін күтпеген жағдай болды. Соңғы минутта қабылданған шешім болды. Кеше ол қалыпты жаттығу өткізіп, бүгін осындай шешім қабылдады. Бізде не істеу керегін ойлануға уақыт бар. Әлемдегі ең үздік футболшылардың бірін жаттықтырдым. Ол өте мейірімді, кішіпейіл, салмақты адам. Оның кеткеніне қуанбаймыз, бірақ оның шешімін құрметтеуіміз керек. Ол таңдау жасауға лайық ойыншы, оған клубқа тигізген пайдасы үшін ризамыз. Ол нағыз аңызға айналды», - деп келтіреді клубтың сайты Анчелоттидің сөзін.

Айта кетейік, 4 маусымда «Реал Мадрид» Бенземаның клубтан кететінін хабарлаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или