«Қайрат» қақпашысы «Оқжетпеске» қарсы матч туралы пікір білдірді

«Қайрат» қақпашысы «Оқжетпеске» қарсы матч туралы пікір білдірді

«Қайрат» футбол клубының қақпашысы Вадим Ульянов Қазақстан чемпионатының 12-туры аясындағы «Оқжетпеске» (2:1) қарсы ойын туралы пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Вадим, жеңісің құтты болсын! Ойын туралы айта кетсең.

– Құттықтағаныңа көп рақмет! Ойын өте қиын болды. «Оқжетпес» жақсы матч өткізді, бірақ біз ақыры бірінші гол соғып, кейін ойын барысын психологиялық тұрғыдан бақылау оңайырақ болды. Стадионға келген жанкүйерлерге рақмет. Сіздің қолдауыңыз біз үшін өте маңызды.

Биылғы маусымда бірінші рет чемпионат матчына негізгі құрамнан шықтың. Ойыннан қандай әсер алдың?

– Тек жақсы әсер алдым. Ең бастысы, біз жеңдік. Командаға қажетті нәтижеге қол жеткізуге көмектескеніме қуаныштымын.

Қақпаңа пенальти қойған кездегі сәтті айтып кетші.

– Өкінішті-ақ, мен осы матчты гол өткізбей аяқтағым келген еді. VAR бола тұра төреші неге осы сәтті өзі барып көрмегені мен үшін түсініксіз болды. Дегенмен барлығы, тіпті төрешілер де қателеседі. Қазақстан футболында мұндай жағдайлар азырақ болады деп сенемін.

Алда Кубоктағы жартылай финалға шығатын маңызды ойын бар. Өзіңнің, команданың дайындығы қалай?

– Дайындығымыз күшті. Жанкүйерлерімізді қуантып, жартылай финалға шығу үшін бар күшімізді саламыз!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или