Бензема «Реал» сапындағы соңғы ойынын өткізді
«Реал Мадрид» Ла Лиганың соңғы, 38-турында «Атлетикпен» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл ойын 1:1 есебімен тең аяқталды.
«Реалдың» жалғыз голын шабуылшы Карим Бензема пенальтиден соқты. Осылайша, франциялық шабуылшы «Реал» сапындағы соңғы ойынында гол соғып, көзге түсті.
Бұған дейін «Реалда» 14 жыл бойы доп тепкен даңқты ойыншы маусым соңында командадан кететіні ресми белгілі болған.
Ойын соңында «Реал» футболшылары клубтан кететін Бензема, Эден Азар, Марко Ассенсио сияқты ойыншыларды жоғары көтеріп, қоштасу рәсімін жасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или