«Вулверхэмптон» екі танымал ойыншының кететінін хабарлады
«Вулверхэмптонның» спорт директоры Мэтт Хоббс жартылай қорғаушы Жоао Моутинью мен шабуылшы Диего Костаның кетенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
<span> Ойыншылардың келісімшарттары аяқталды. Клуб оларға жаңа келісімшарт ұсынбауға шешім қабылдады.</span>
Вингер Адама Траоре де келісімшарт мерзімі аяқталған ойыншылар қатарында. Испаниялық футболшы басқа клубтармен келіссөздер жүргізе алады, бірақ <span>«</span>қасқырлар<span>»</span> оны клубта қалдырысы келеді.
Моутиньо «<span>Вулверхэмптонда</span>» 2018 жылдан бері ойнап келеді. Жалпы, 36 жастағы жартылай қорғаушы команда сапында 212 матч өткізіп, 5 гол соғып, 25 нәтижелі пас берген.
Коста клубта бір маусым өткізді. Ол жарақат алған Саша Калайджичтің орнына алынған. 34 жастағы шабуылшы осы маусымда «Вулверхэмптон» сапында 25 ойынға қатысып, 1 гол соққан.