Ресми: Серхио Рамос «ПСЖ» командасынан кетеді

Ресми: Серхио Рамос «ПСЖ» командасынан кетеді

Испаниялық қорғаушы Серхио Рамос маусым аяқталған соң «ПСЖ» командасынан кетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы париждік клуб ресми мәлімдеді. 

37 жастағы қорғаушының «ПСЖ» клубымен келісімшарт мерзімі аяқталды, ол еркін агент ретінде командадан кетеді. 

ПСЖ сапында Рамос екі маусым доп тепті. Жалпы 57 матчқа қатысып, гол соқты және бір нәтижелі пас берді.

Айта кетейік, Серхио Рамос ПСЖ-ға ауысқанға дейін он алты жыл «Реалда» өнер көрсетіп, мадридтік клубтың аңызына айналған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или