«ПСЖ» - «Әл-Наср» екінші матчының өтетін күні белгілі болды

«ПСЖ» - «Әл-Наср» екінші матчының өтетін күні белгілі болды

ПСЖ ресми сайтында Жапониядағы жолдастық кездесулер кестесін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жапониядағы маусым алдындағы турне аясында 25 шілдеде париждік клуб португалиялық Криштиану Роналду өнер көрсететін «Әл-Насрмен» кездеседі.

Бірақ ПСЖ бас бапкерінің соңғы мәлімдемесіне қарағанда, Месси бұл матчқа қатыспауы мүмкін.

ПСЖ «Әл-Насрдан» бөлек, 28 шілдеде жергілікті «Сересо Осака» командасымен және 1 тамызда осы маусымдағы Чемпиондар лигасының финалисті италиялық «Интермен» кездеседі.

Еске салайық, Мессидің Роналдуға қарсы соңғы ойыны осы жылдың 19 қаңтарында өтіп, париждіктер 5:4 есебімен жеңіске жеткен болатын. Үшінші минутта Месси гол соқса, Роналду қарсыласының қақпасына дубль жасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или