«УЕФА талаптарына сай келеді»: Olimpbet Ақтөбе Орталық стадионын жөндеуге қаржы бөлді
30 мамыр күні көгалы ауыстырылған Ақтөбе қалалық Орталық стадионының таныстырылымы өтті. Жасыл алаңдағы көгалды ауыстыруды Қазақстандағы №1 букмекерлік компания – Olimpbet қаржыландырды. Жөндеуден өткен жаңа стадионда спортшыларға құбылмалы ауа райында да жылдың төрт мезгілінде жарыс өткізуге мүмкіндік бар.
«Бұл – қала мен біздің жанкүйерлеріміз үшін бағалы сыйлық. Бұрынғы тозығы жеткен стадион Еуропа кубогына қатысуға УЕФА талаптарына сәйкес келмейтін. Olimpbet компаниясының қаржылай қолдауымен жаңартылған стадионның көгалын сапасы жағынан еліміздегі ең таңдаулысы деп айта аламын», – деді «Ақтөбе» ФК-ның басқарма төрағасы Ерлан Жамантаев.
<br />«Ақтөбе» ФК мен Olimpbet арасында ұзақмерзімді ынтымақтастық келісім бар. Бұған дейін букмекерлік кеңсе мен клуб арасында үшжылдық келісімшартқа қол қойылды.
Осы уақыт ішінде команданың спорттағы нәтижелерін жаңа деңгейге көтеру, ойынның көрсеткіштерін жақсарту, бірлесіп киім-кешек пен кәдесыйлар шығару жоспарымызда бар.
Қазақстандағы көшбасшы букмекерлік кеңсенің баспасөз қызметі хабарлағандай, еліміздегі ең үздік, таңдаулы футбол клубымен ынтымақтастықтың мақсаты – Қазақстандағы спортты қолдап, дамытуға атсалысу.
«Ақтөбенің орталық алаңын бастан-аяқ жөндеу УЕФА стандарттарына сәйкес келетін деңгейге жеткізді. Бұл ынтымақтастық әріптестік деңгейіміздің жоғары екенін ғана көрсетіп қоймай, Ақтөбенің ұлттық және халықаралық футбол жарыстарын өткізу үшін еліміздегі ең үздік қала екенін көрсетеді», – деп санайды Olimpbet БК-ның Қоғаммен байланыс жөніндегі директоры Андрей Жарков.