Әліптің командасы шілдеде жолдастық турнирге қатысады
«Зенит» 1-9 шілде аралығында маусым алды турнирге қатысуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы петерборлық клубтың бас бапкері Сергей Семак айтты.
«Зенит» 7 мамырда мерзімінен бұрын Ресей Премьер-лигасының (РПЛ) чемпионы атанды. Олар қатарынан бесінші рет ел чемпионы атағына қол жеткізіп отыр.
«Демалыс қысқа болады. 20-нан кейін медициналық тексеруден өту үшін жиналып, 23-і күні дайындыққа кірісеміз. Турнир 1-9 шілде аралығында өтеді деп жоспарланған. Қарсыластар, күні туралы ақпарат кейінірек белгілі болады. Содан кейін Суперкубок. Ресей кубогының финалынан суперкубокқа дейін аз ғана уақыт. Біз жаттығуды және келесі маусымға дайындалуды жалғастырамыз», - деді Семак журналистерге.
Айта кетейік, «Зенит» сапында Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп өнер көрсетеді.