Еуро-2024 іріктеу турнирі: Қазақстан құрамасына кімдер шақырту алды?
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Еуро-2024 іріктеу кезеңіндегі Сан-Марино және Солтүстік Ирландия құрамаларына қарсы матчтарға шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қорытынды тізімге 27 футболшы енді.
Қақпашылар: Шацкий, Устименко, Шайзада;
Қорғаушылар: Малый, Марочкин, Әліп, Бейсебеков, Ерланов, Быстров, Габышев, Досмағамбетов, Вороговский, Скворцов, Қасым, Тапалов;
Жартылай қорғаушылар: Қуат, Дарабаев, Тағыберген, Астанов, Самородов, Зайнутдинов, Оразов, Кеңесов;
Шабуылшылар: Прокопенко, Айымбетов, Шушеначев, Швырёв.
Оқу-жаттығу жиыны 8 маусымда Алматыда басталады.
Еске салайық, Магомед Адиев шәкірттері 16 маусымда Пармада (Италия) Сан-Мариномен, 19 маусымда Белфастта Солтүстік Ирландия құрамасымен кездеседі.