Асхат Тағыберген Сауд Арабиясынан келген ұсынысқа тоқталды
Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыберген клубқа Сауд Арабиясынан келген ұсыныс жайлы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
«Бірнеше жыл бұрын бізге Сауд Арабиясының «Дамак» клубы ұсыныс жасады. Ол командаға ауысу туралы келіссөздер жүргіздік, бірақ қаржылық шарттар бойынша келіспедік. Жалақы? Мен Қазақстанда алып жүрген ақшадан көп емес. Сондықтан отбасыммен бірге сонша ұзаққа кетудің пайдасын көрмедім. Жалпы, ол кезде Түркияда немесе Еуропада бағымды сынап көргім келді. Тіпті Қазақстаннан әлдеқайда аз ұсынса да, белді бекем буып сол чемпионаттардың біріне кетер едім», – деді Тағыберген.
Жартылай қорғаушы осы маусымда ҚПЛ-да алты гол соғып, бес нәтижелі пас берді. Сондай-ақ Қазақстан кубогы матчтарында үш гол соғып, бір нәтижелі пас берді.