Еуропа лигасының финалы: «Севилья» - «Рома» ойынының тікелей трансляциясы

Еуропа лигасының финалы: «Севилья» - «Рома» ойынының тікелей трансляциясы

31 мамырда Будапештте (Венгрия) Пушкаш Аренада УЕФА Еуропа лигасының 2022/23 маусымындағы «Севилья» - «Рома» финалы өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл матч ағымдағы науқандағы алғашқы еурокубок финалы болмақ.

Айта кетейік, командалар тарихта бір ғана ресми ойын өткізген. 2020 жылы қос команда Еуропа лигасының 1/8 финалында кездесіп, испандар 2:0 ұтқан еді.

Матчтың тікелей трансляциясы Астана уақытымен 00:50-де басталып, Qazsport телеарнасынан көруге болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или