Покатилов «Ақтөбенің» үздік 4 қақпашысының қатарына енді

Покатилов «Ақтөбенің» үздік 4 қақпашысының қатарына енді

30 жастағы ақтөбелік қақпашы Стас Покатилов Қазақстан чемпионаттарында өткізген матчтары бойынша ақтөбелік клубтың рекорд жасаған үздік 4 қақпашысының қатарына енді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Премьер-лигада «Ақтөбе» сапында Стас Покатилов 2015 жылы 7 наурызда Ақтөбеде «Атырауға» қарсы ойында (1:1) дебют жасады. Ол негізгі құрамда шығып, бүкіл матчты өткізді.

Ақтөбелік клуб жейдесінде Премьер-лигада үшінші маусым ойнап, бүгінгі күнге дейін 63 матч өткізіп, 57 гол жіберіп алған.

«Ақтөбе» сапында Премьер-лигада барлығы 31 қақпашы өнер көрсетті. Қақпашылар арасындағы ең жақсы көрсеткіш – Роман Нестеренко – әр ойынға 0,59 гол.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или