MFL KAZAKHSTAN мен STARMIX «Орталық» стадионда шоу көрсетті

MFL KAZAKHSTAN мен STARMIX «Орталық» стадионда шоу көрсетті

Қазақстан медиа-футбол лигасы құрамасы жолдастық кездесуде ресейлік STARMIX командасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

SD Family Jusan банк қолдауымен медиа команда ойынын Қазақстан футболының бір бөлігіне айналдырды. Бұл кездесу маңызды спорттық шара ғана емес, мәдени оқиғаға айналды. Бәрін ретімен айтайық.

Алматының Орталық стадионында өткен кездесу көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Ресейлік команда жақсы өнер көрсетті. Бірақ Қазақстан медиа-футбол құрамасының «Қайрат» ФК базасында оқу-жаттығу жиынын өткізгені өз жемісін берді.

Қонақтар алғашқы минуттан-ақ шабуылға лап қойғанымен, қазақстандық команда алғашқы қысымға төтеп беріп, ойын тізгінін өз қолына алды. MFL KAZAKHSTAN қарқынын арттырып, қауіпті шабуылдар жасады. Әйгілі боксшы Серік Сәпиевте тамаша мүмкінік болған, бірақ ол ұрымтал тұстан қақпаны дәл көздей алмады. Осыдан кейін STARMIX бірден жылдам шабуыл жасап, Небезао қақпашымен бірге-бір шықты: ол мүлт кеткен жоқ, есеп 1:0 қонақтар алға шықты.

Содан кейін Ерболат Жанабылов соққы жасап көрген, бірақ ол да қақпа торынан табылмады. Қазақстандық команда тынбай шабуылдағанымен, оң нәтиже шығару қиынға соқты. Алдияр Жапарханов алысқа беретін керемет пастарымен көзге түсті. Енді жетпей тұрғаны дәл соққы ғана болатын.

Амбалды алмастырған соң ойын барысы өзгерді. Темірлан Блушинов қапталдан келген пасты шеберлікпен қабылдап, қақпа бұрышын дәл көздеді. Айта кетейік, SD Family мен Jusan банктің «ЯСДшник» бірлескен жобасының алғашқы маусымының жеңімпазы, соның арқасында ол медиа командада ойнауға мүмкіндік алған.

Есепті теңестірген алаң иелері шабуылды үдете түсті. Әлихан Байзақовтың керемет диагоналын сәтті пайдаланған Әлішер Келгенбай қақпашыдан айласын асырды. Ол соққан голын артқа сальто жасап, өзгеше тойлады.

Дәурен Орынбасар да керемет гол соқты: қонақтар қақпашысы Шкет пасты тоқтатуға тырысты, бірақ біздің жігіт жақын бұрышты дәл көздеп, есепті 3:1-ге жеткізді.

STARMIX екінші таймды бірінші таймдағыдай сәтті бастады. MFL KAZ қорғанысы сыр беріп, Небезао қақпашдан екінші рет айласын асырды.

Алаң иелері соққан келесі голдың психологиялық маңызы зор болды: Келгенбай допты офсайдтың аз-ақ алдында қабылдап, қорғаушыларды алдап өтіп, сенімді түрде қақпа бұрышын дәл көздеді. Әлішер дубльмен тоқтап қалмай, кейін хет-трик жасады.

Бұл ойындаMFL KAZAKHSTAN сенімді жеңіске жетті. Бірақ кездеуге қатысқан екі жақта тамаша өнер көрсетті. Матчтан кейін қатысушылар мерекелік шараны жалғастырды.

Ойын-сауық бағдарламасы әлемдік деңгейдегі керемет лазерлік шоумен басталды. Осдан кейін ойыншылар «Орталық» стадионға келген көрермендеріне концерт берді. Алматы халқына Миша Марвин, Гарик Богомазов («Отпетые Мошенники» тобы), Кирилл Мойтон, Бабек Мамедрзаев және басқа да жұлдыздар тамаша көңіл-күй сыйлады.

Бұл матч Jusan банктің қолдауымен 27 мамыр мен 10 маусым аралығында Алматыдағы «Жас Қыран» стадионында өтетін MFL Kazakhstan турнирінің бастамасы саналады.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или