Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Даму кубогында Беларусьті жеңді

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Даму кубогында Беларусьті жеңді

Қазақстан жастар құрамасы (U-16) Волгоградта (Ресей) өтіп жатқан Даму кубогы турнирінің топтық кезеңіндегі соңғы ойында Беларусь (U-16) құрамасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 3:0 есебімен аяқталды. Абзал Сағын, Әмірбек Базарбаев және Мансур Бірқұрманов гол соқты.

Айта кетейік, турнирдегі алғашқы ойында Қазақстан құрамасы Ресейден 0:5 есебімен жеңілсе, екінші ойында Қырғызстанды 4:1 есебімен жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или