«Астана» бапкері «Атырауға» қарсы матч туралы ойын айтты
«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян ҚПЛ аясында өткен «Атырауға» қарсы матч (0:0) туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
- Күн өте ыстық болғанымен, бірінші таймды жақсы өткіздік. Есеп ашар сәттер болды, бірақ жолымыз сәтсіз болды, бір жерде біз аяқтай алмадық. Бірінші таймда ойынды бақылауда ұстадық, тәртіп пен ұйымшылдық болды, қарсылас еш қиындық тудырмады, тек гол соғуымыз керек еді.

Екінші таймда 30 минуттай жақсы ойнадық, сосын бұл 20 күндегі 7-матч болғаны әсер етті, сондықтан ырғақ пен қарқынды сақтау қиын болды, оның үстіне күннің ыстықтығы да әсер етті. Командада ішкі қиындықтар бар, 4 ойыншы жарақат алды, ауыстыруға келгенде мүмкіндік аз болды. Алаңға шыққандар – күресті, ынтасымен беріле ойнағанына шағым жоқ, аз уақыт ішінде мұндай көп кездесу үшін ойыншыларға рахмет. Бірақ, әрине, біз бірінші таймда жеңіске жетіп, гол соққымыз келді, ол кезде бізге оңайырақ болар еді, «Атырау» ойыншылары ашылар еді, бірақ нәтиже болмады. Екі ұпай жоғалту өкінішті, бірақ мұндай тығыз кесте мен ыстық кезінде ештеңе істей алмаймыз, әрі қарай дайындалу керек, жалғастыру керек.

Енді командаға үзіліс беруге аз уақыт қалды, бір күн демалуына мүмкіндік бар, сосын қайта қалпына келу керек, үзіліс алдында чемпионаттың маңызды өз алаңымызда өтетін ойыны бар. Біз бұл ойынға толығымен дайындалуымыз керек.