АПЛ аяқталды. Қорытынды нәтижелер

АПЛ аяқталды. Қорытынды нәтижелер

Англия Премьер лигасының 2022/23 жылғы маусымы мәресіне жетті, деп жазады Prosports.kz.

Маусым қорытындысында «Манчестер Сити» чемпион атанды. Манчестерлік команда қатарынан үшінші жыл жеңімпаз атанып отыр. Олар кейінгі 6 жылда 5 рет АПЛ-ды жеңіп алды, ал жалпы тарихта 7 мәрте топ жарған (АПЛ-да). Биыл 38 ойында 89 ұпай жинап, 94 гол соқты. Екінші орындағы «Арсеналдан» 5 ұпай озды.

Келер маусымда Чемпиондар лигасына «Ситиден» бөлек «Арсенал» (84 ұпай), «Манчестер Юнайтед» (75) және «Ньюкасл Юнайтед» (71) командалары қатысады.

«Ливерпуль» (67 ұпай) мен «Брайтон» (62) Еуропа лигасының топтық кезеңіне тікелей жолдама алса, «Астон Вилла» (61) Конференция лигасының іріктеу кезеңіне қатысады.

Көш соңында қалған «Лестер» (34 ұпай), «Лидс» (31) және «Саутгемптон» (25) төменгі лигаға түсіп қалды.

Үздік сұрмерген атағы «Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холандқа бұйырды. Норвегиялық ойыншы АПЛ-дағы алғашқы маусымында 36 гол соғып, лига рекордын жаңартты.

Сондай-ақ, ең көп нәтижелі пас шығарған ойыншы атағын да «Сити» ойыншысы иеленді. Бельгиялық жартылай қорғаушы Кевин Де Брёйне 16 ассистент жасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или