«Манчестер Сити» тағы чемпион. АПЛ-дың соңғы тур ойындары өтті

«Манчестер Сити» тағы чемпион. АПЛ-дың соңғы тур ойындары өтті

Англия чемпионаты 2022/23 жылғы маусымының соңғы тур ойындары өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Манчестер Сити» биыл мерзімінен бұрын чемпион атанған. Соңғы турда олар сырт алаңда «Брентфордтан» 1:0 есебімен жеңіліп қалды.

Үздік төртікке «Ситиден» бөлек «Арсенал», «Манчестер Юнайтед» және «Ньюкасл Юнайтед»  енді, олар келер маусымда Чемпиондар лигасына қатысады.

Бесінші, алтыншы орын алған «Ливерпуль» мен «Брайтон» Еуропа лигасында, ал «Астон Вилла» Конференция лигасында бақ сынайды.

Турнирлік кестенің соңында қалған «Лестер», «Лидс» және «Саутгемптон» төменгі лигаға түсіп қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или