«Бордоның» капитаны ауыр жарақат алды

«Бордо» футбол клубының капитаны Грегори Сертич кешегі «Реймсқа» қарсы өткен ойында ауыр жарақат алды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бұл туралы франциялық клубтың ресми сайтынан белгілі болды. Матчтың 25-ші минутында Сертич тізесін шығарып алды. Ойыншыны бірден ауруханаға алып кетті.

Естеріңізге сала кетсек, кеше Франция чемпионатының алғашқы турында «Бордо» өз алаңында «Реймс» командасынан 1:2 есебімен ұтылып қалды.

Осылайша Сертич жарақатына байланысты «Қайратқа» қарсы қос матчқа да қатыса алмайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или