«ПСЖ» 11-рет Франция чемпионы атанды

«ПСЖ» 11-рет Франция чемпионы атанды

ПСЖ 37-турдың сырт алаңда «Страсбургпен» тең ойнап (1:1) Франция чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

59-минутта «ПСЖ» шабуылшысы Лионель Месси Килиан Мбаппенің пасынан кейін есеп ашты. Кевин Гамейро 79-минутта есепті теңестірді.

Осы матчтан кейін ПСЖ 85 ұпаймен Лига 1-де мерзімінен бұрын чемпион атанды. 81 ұпай жинаған «Ленс» екінші орында.

Осылайша, Париж клубы өз тарихында 11-ші және қатарынан 2-ші рет Франция чемпионы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или