«Аю мен Торнадо». Олжас Абзалиев — Артур Гусейнов жекпе-жегіне бейнешолу

Жартылай ауыр салмақтағы Naiza FC чемпионы Олжас Абзалиев Naiza 51 турнирінің басты жекпе-жегінде ресейлік Артур Гусейновты жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жекпе-жек төртінші раундта аяқталды. Осылайша Олжас промоушненнің жартылай ауыр салмақтағы титулын қорғап қалды.
Айта кетейік, Абзалиев 2022 жылы маусымда өткен NFC 40 турнирінде Нұрғали Нұрғайыпұлын төрешілер шешімімен жеңген болатын.