Эдегор: «Мадридте өте бақыттымын, әзірше айта алатыным осы»

Мадридтік «Реалдың» норвегиялық жартылай қорғаушысы Мартин Эдегор өз ойынының жақсарып келе жатқанын айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Маусым алдындағы дайындықты аяқтау керек, сол кезде не боларын көрерміз. Мадридте өте бақыттымын, әзірше айта алатыным осы. Маусым алдындағы жарыста көп нәрсені үйрендім. Бар күшіммен жаттығу жасадым, өзімді жақсы сезінемін. Бұдан да көпке қол жеткізе аламын деп ойлаймын. Енді не боларын айту қиын, жасым 16-да ғана. Шаруаларды қолымнан келгенше атқарамын. Ойынымды әлі де жақсарта түсуге уақытым көп. Ешқайда асығудың керегі жоқ, мен қысымсыз және күйзеліссіз ойнаймын», - деді Эдегор.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или