«Қайраттың» қарсыласы Франция чемпионатын жеңіліспен бастады

Алматылық «Қайраттың» Еуропа лигасындағы қарсыласы франциялық «Бордо» ішкі чемпионаттың бірінші турында жеңіліп қалды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бүгін «Бордо» франциялық 1 Лиганың алғашқы ойынында «Реймсті» қабылдады.

Ойынның есебін 41-минутта «Бордоның» жартылай қорғаушысы Вахби Хазри ашқан. Алайда ойынның аяқталуына он минут қалғанда қолдағы жеңісін ұстап қала алмады. 80-минутта қонақтардың шабуылшысы Николя де Превиль таразы басын теңестірсе, 87-минутта форвард Теосон Сьебатше соққан голдың арқасында «Реймс» жеңісті жұлып әкетті.

Осы жеңісінің арқасында «Реймс» турнир кестесінің төртінші сатысына орналасса, «Бордо» 13-орынды қанағат тұтып тұр.

Бордо (Бордо) – Реймс (Реймс) 1:2

Голдар: Хазри, 41 (1:0); де Превиль, 80 (1:1); Сьебатше, 87 (1:2).

Ескертулер: Пундж, 62; Ямбере, 89 – Траоре, 18; Шарбонье, 84.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или