Қазақстан жасөспірімдер құрамасы жолдастық кездесу өткізді

Шымкентте оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы алғашқы жолдастық матчын өткізді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Олардың қарсыласы «Ордабасы» футбол орталығының жастар командасы болды. Жасөспірімдер құрамасының сапына «Ордабасы» ойыншысы Шухрат Каюмов қосылды. Ол жарақат алған Гаврил Канды ауыстырды.

Алғашқы таймда 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ойындағы басымдықты толықтай қолға алды. Ал, екінші таймда аға жаттықтырушы Карлес Марторелл алаңдағы барлық ойыншы ауыстырды. Бұл шешім ойын үлгісіне әсер етпей қоймады. Нәтижесінде «Ордабасы» футболшылары Мұхаммед Сейсен қақпасына екі гол соқты.

Қазақстан ужасөспірімдер құрамасының сапында алғашқытаймда алаңға шыққан футболшылар: Сейсен, Тұсынбай, Бортай, Кусяпов, Құдайбердінов, Аманжол, Жақсылық, Орал, Жақыпбаев, Кәрімов, Айманов. Екінші таймда алаңға шыққан футболшылар: Сейсен, Тасболатов, Нұрдалиев, Хан, Іргебаев, Ниязбеков, Михайлов, Күшікбаев, Астанов, Каюмов, Таласбаев.

Карлес Марторелл шәкірттері оқу-жаттығу жиыны аясында келесі матчын 13 тамызда өзбекстандық «Бунедкор» футболшыларымен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или