Күрес

Қазақстандық балуан екі дүркін Азия чемпионы атанды

Қазақстандық балуан екі дүркін Азия чемпионы атанды

Қазақстандық балуан Бекбол Нұрланұлы белбеу күресінен екінші рет Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Өзбекстанда өткен белбеу күресінен Азия чемпионатына Түркіменстан, Өзбекстан, Жапония, Иран, Үндістан, Индонезия, Қазақстан және Қырғызстан сынды 12 елден келген спортшылар қатысты.

100 келі салмақта ақмолалық балуан Бекбол Нұрланұлы топ жарды.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нұрлан Мәуленұлының айтуынша, Бекбол құрлық біріншілгінде екі рет чемпион атанған алғашқы қазақстандық спортшы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0